00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Еліміздегі әр алтыншы бала кедей отбасында өмір сүріп жатыр

24.02.2023 | 17:52
Елорда ақпарат
62

Бүгінде елімізде бір балаға берілетін жәрдемақы 11 жарым мыңнан сәл асады. Ал азық-түлік бағасы күн сайын өсіп жатыр. Жұмыссыз ата-аналар да жетерлік. Сарапшылардың жүргізген зерттеуі осындай көрсеткішке ие.

Қазір елімізде 454 мың көпбалалы отбасы бар екен. Талдау нәтижесі бойынша ауылда тұратындардың басты проблемасы тұрақты табыс болса, қалалықтар үшін тұрғын үй мәселесі өзекті.

«Өкінішке қарай, Қазақстанда көпбалалы отбасылардың шамамен 13 пайызында бір ғана ата-ана бар. Яғни, көпбалалы отбасылардың жалпы санының 13 пайызы толық емес. Тек бір ата-анамен өмір сүреді. Не әке, не ана. Негізінен, әрине, бұл аналар», – деді AERC ғылыми жетекшісі Жақсыбек Күлекеев.

Талдау көрсеткендей, көпбалалы отбасыларда азық-түлік жағы да проблема.

«Көпбалалы отбасылар бойынша жәрдемақы енгізілгенге дейін алушылардың саны 260 мыңнан аспады. Көпбалалы отбасыларды қолдау бойынша қабылданып жатқан шаралар бойынша, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 4 және одан көп балалы отбасына жоғары мөлшерде жәрдемақы енгізілді», – деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік көмек департаментінің директоры Асқар Ниязов.

Зерттеушілер бірінші кезекте көпбалалы отбасылардың мұқтаждығын анықтау жүйесін жетілдіру қажет екендігін айтады. Олар көпбалалы отбасыларды «жасыл» – толық, «сары» – мұқтаждық шекарасына жақын және «қызыл» – кедейлік шегінен төмен өмір сүретіндер деп бөлуді ұсынады. Бұл зерттеулерді Парламентте қарастыруға да уәде берілді.

Барлық жаңалықтар