00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Қазақстанда балаларға белгісіз ауру көп тарап жатыр

24.02.2023 | 17:45
Елорда ақпарат
45

Қазір барлығы реттеліпті. Дегенмен кәмелетке толмағандар арасында аурушаңдық бірнеше өңірде өршіп тұрған көрінеді. Оқу жылы басталғалы 15 мыңнан астам бала коронавирус жұқтырған.

«Павлодар, Ақмола, Маңғыстау, Түркістан облыстарында сырқаттанудың 1,4 есеге дейін өсуі байқалады. Ошақтарда 159 мың байланыста болған адам анықталды. Оның ішінде 0,8 пайызында COVID-19-дың оң нәтижесі анықталды», - дейді Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Марат Шоранов.

Балалар арасында короновирустан басқа аурулар да белең алып тұр. Нұр-Сұлтан қаласының өзінде пневмонияға шалдыққандар былтырғыға қарағанда 2 есе көп. Денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің айтуынша, бүлдіршіндер мен жасөспірімдер дертті сауда орталықтары мен ойын-сауық мекемелерінде жұқтырған.

«Балалар ауруханасында 523-тен астам бала ем алып жатыр. Бұл – тек қана пневмония бойынша. Жедел жұқпалы аурулар бойынша қазір 162 бала ем алуда. Сондай-ақ коронавирус инфекциясы бойынша біздің балалар ауруханасында 25 бала ем алып жатыр және амбулаториялық емде 500 бала бар», - дейді Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бала денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы Айжан Амангелдиева.

Ауруханаларда орын жетіспеушілігінің болғанын жауаптылар да жасырмайды. Оларға науқастың көптігінен ем-домға үлгеру қиын болып жатыр екен. Төсек-орын мәселесі шешілгенмен, сырқаттардың саны азаймаған.

«Кіші балаларда температура көтерілуі мүмкін. Оларда тұмаудың белгілері – жөтел, демікпе пайда болады. Ол пневмонияның асқынып жатқанын білдіреді», - дейді Айжан Амангелдиева.

Дәрігерлер ата-аналарға бала денсаулығына мұқият қарауды ескертіп отыр. Өйткені өз бетінше емдеуге болмайды. Ондайда өкпенің қабынуы мен коронавирус асқынып кетуі мүмкін. Ал 12 жастан асқан жасөспірімдерге салынатын Pfizer екпесі келесі аптада Қазақстанға жеткізіледі. Денсаулық сақтау вице-министрі препараттың 4 миллион дозасы кезең-кезеңімен тасымалданатынын жеткізді. Вакцина бірінші кезекте оқушыларға егілетін болды. Сондай-ақ жүкті, емізулі баласы бар, жаңа босанған әйелдер де егіледі.

Барлық жаңалықтар