00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елімізде мүгедектердің күтімі бойынша жәрдемақы енгізілді

24.02.2023 | 17:42
Елорда ақпарат
36

I топтағы мүгедекке күтім жасайтын адамдар осы жәрдемақыны тағайындау үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімшелеріне өтініш бере отырып, оған мынадай құжаттарды қоса тапсырады:

- жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлік, қандас куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат);

- I топтағы мүгедекке қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленгенін растайтын құжат (ондай дерек болған жағдайда);

- күтім жүзеге асырылатын адамның мүгедектігі туралы анықтама;

- сәйкестендіру үшін – жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді растайтын құжат;

- психикалық денсаулық орталығында есепте тұру дерегінің жоқтығы туралы анықтама.

Бұдан басқа, күтімді жүзеге асырушы ретінде айқындалған адамның әрекет қабілеттілігі туралы мәліметтер жеке басын куәландыратын құжат бойынша ҚР Әділет министрлігінің «Жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесінде тексеріледі.

Барлық жаңалықтар