00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Қазақстан азаматтары Кореяда паспортты 30 күнде ала алады

24.02.2023 | 17:21
Елорда ақпарат
36

Мемлекеттік қызмет 2021 жылдың қазан айынан бастап Корея Республикасы аумағында тұрып жатқан Қазақстан Республикасының азаматтары үшін қолжетімді болды.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі және Ішкі істер министрлігі аталған пилоттық жобаны құжаттарды қабылдау және оларды Қазақстанның шет елдерде жүрген азаматтарына паспорттар жасау үшін жіберу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету процесін оңтайландыру аясында іске асыруда.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімін 80 күннен 30 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік берген пилоттық жоба Ресей, Германия мен АҚШ-тағы ҚР шетелдік мекемелерінде сәтті жүзеге асырылып келеді.

Барлық жаңалықтар