00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Эйфель мұнарасынан секірмек болған ер адам құтқарылды

24.02.2023 | 17:20
Елорда ақпарат
40

“102” пультіне дабыл түнгі уақытта келіп түскен. Қоңырау шалғандар белгісіз ер адамның Назарбаев пен Абай даңғылдарының қиылысында орналасқан мұнарадан секірмекші болып тұрғанын хабарлаған.

– Біздің топ оқиға орнына келгенде “Француз үйінің” күзетшісі жоғарыға көтеріліп, ер адаммен келіссөздер жүргізіп жатқан. Ал “Буран-160” экипажының патрульшілері төменде тұрып, өтіп бара жатқандармен бірге секірмекші болған адам ойындағысын жүзеге асыратын болса деп тентті созды. Артынан жасырынып барып, күзетшімен бірге ер адамды ұстап алдық, оның өз-өзіне қол жұмсауға бағытталған әрекеттеріне тосқауыл қойдық. Сосын оны баспалдақпен төмен түсірдік. Белгісіз адам мас күйде болды, өз әрекетінің себебін нақты түсіндіре алмады. Патрульдік экипаж оны тергеу үшін Бостандық аудандық Полиция басқармасына әкелді, – деді Алматы қалалық ПД Ішкі және сыртқы коммуникациялар басқармасының қызметкері Талғат Сейілбаев.

Барлық жаңалықтар