00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Шри-Ланкаға тікелей рейс ашылады

24.02.2023 | 17:10
Елорда ақпарат
38

Үстіміздегі жылдың 3 желтоқсанынан бастап тікелей рейсті «Эйр Астана» әуекомпаниясы әр тараптан аптасына екі рет - сейсенбі және жұма күндері жиілікпен орындайтын болады.

Эконом санатындағы билеттің бағасы 220 000 теңгеден басталады. Сөйтіп, қазақстандықтар Шри-Ланкадағы Коломбо қаласына «Airbus A321 LR» әуе кемесінің көмегімен 6 сағат 30 минуттың ішінде жету мүмкіндігіне ие болады.

Шри-Ланкаға баратын Қазақстан азаматтарында міндетті түрде тапсырылғанына 72 сағаттан аспаған ПТР тест нәтижесі болуы қажет. Кейін бұл азаматтар 14 күндік карантинге жатқызылады. Екі жасқа дейінгі балаларға ПТР тест тапсырудың қажеті жоқ. Ал коронавирусқа қарсы екпе алғандарға тест тапсыру міндеттелмеген.

Аталмыш рейс әуе компаниясы сайтында жарияланған кестеге сәйкес санитарлық-эпидемиялық талаптарды қатаң сақтай отырып орындалады.

Барлық жаңалықтар