00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

12 облыста жол қозғалысына шектеу қойылды

12.12.2023 | 05:30
50
Фото: дереккөзден

Аяқ бен боранға байланысты 12 облыста республикалық маңызы бар жолдарда шектеу қойылды, деп хабарлады Elorda.info.

«ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі мәліметінше, 2023 жылдың 12 желтоқсанында сағат 10:00-дегі ахуалға сәйкес ауа райының нашарлауына байланысты 12 облыстағы республикалық маңызы бар жолдардың 55 учаскесінде қозғалысқа шектеулер енгізілді.

Дәл қазір республикалық маңызы бар автожолдарда 451 бірлік техника мен 907 адам жол тазалауға жұмылдырылды. 626 м3 көктайғаққа қарсы материал қолданылды. Жүргізушілерді аса қажет болмаған жағдайда, ұзақ сапарға шықпауларыңызды сұраймыз, - деп көрсетті «ҚазАвтоЖол» ҰК. 

Барлық жаңалықтар