00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Еліміздегі үздік еңбек әулеті анықталды

24.02.2023 | 16:42
Елорда ақпарат
35

Республикалық комиссияның отырысында конкурстың өңірлік кезеңінің жеңімпаздары арасынан конкурс лауреаттары іріктелді. Комиссия құрамына ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, әлеуметтік серіктестер, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, «Атамекен» ҰКП және «Қоғамдық келісім» РММ өкілдері кірді.

«Үздік еңбек әулеті» номинациясында Шығыс Қазақстан облысынан келген Белогорцевтер әулеті жеңімпаз болып танылды. Екінші орынды Ақтөбе облысынан келген Жұмановтар әулеті алса, үшінші орынды Қарағанды облысынан келген Куриновтар әулеті иеленді.

Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері болып Маңғыстау облысынан Юсиф Кулиев танылды, екінші және үшінші орындарды Павлодар облысынан Наталья Акиншина және Алматыдан Светлана Габдушева иеленді.

Өндірістің үздік жас қызметкерлері: Батыс Қазақстан облысынан Рафхат Аяпов (1-орын), Ақмола облысынан Әділбек Әшімов (2-орын) және Түркістан облысынан Ілияс Сүйерқұл (3-орын).

Жеңімпаздарды марапаттау 28 қазанда «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай» республикалық форумында өтеді.

Барлық жаңалықтар