00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Карантинге қарамастан 300 мыңнан астам қазақстандық шетелде демалған

24.02.2023 | 16:32
Елорда ақпарат
41

Дегенмен ішкі туризмнің әлсіреп тұрғаны – шындық. Соған қарамастан бағасы шетелге барып келгеннен де жоғары деседі қазақстандық саяхатшылар.

«Мысалы, шетелде транспорттық жүйе жақсы дамыған. Күтіп алу, қарсы алу және де анимациялық әртүрлі қызықты бағдарламалар әрқашанда дайындалып тұрады. Жетістіктерге жету үшін бізге біраз жұмыстар істеу керек. Біздің транспорттық, сервистік жүйеміз әлі де жақсы жұмыс істеуді қалайды», - дейді 3 айдың ішінде 10-нан астам отандық демалыс орындарында болған елордалық Айнұр Жағыпарова.

Ал былтыр сыртқы туризм күрт төмендеп кеткен еді. Бірақ биыл кей елдерге шекара ашылған соң, өзге жаққа демалысқа баратындардың саны артқан. Әсіресе Түркия, Мысыр және Біріккен Араб Әмірлігіне сұраныс жоғары екен.

«2020 жылғы соңғы 9 айдың қорытындысын қарасақ, тек қана 64 мыңнан астам турист шетелге демалуға шыққан. Ал енді 2021 жылғы алғашқы 9 айдың қорытындысын қарасақ, туристердің саны 320 мыңға жеткен», - дейді «Туристік қамқор» КҚ директоры Асылхан Есілов.

Мамандардың айтуынша, ел ішінде қыдыратындар да аз емес. Биыл туристер 70 пайызға артып отыр. Олардың көбі Алматы, Шымкент, Жамбыл және Сарығашта орналасқан курорттық нысандарға барады екен. Әсіресе Түркістанға сапарлап жатқандар баршылық. Соның арқасында мемлекеттік қорға 45 миллиард теңгеге жуық қаражат түскен. Ал курорттық аймақтарға 59 жаңа нысан салынған.

Барлық жаңалықтар