00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Жыл басынан бері 1 мыңдай бала тегін сауықтырудан өтті

24.02.2023 | 16:26
Елорда ақпарат
43

Аталмыш министрліктің дерегінше, созылмалы соматикалық аурулары бар немесе суық тиіп, жиі ауыратын 8 жастан 13 жасқа дейінгі балалар орталықта ем алып қайтты. Балалар 22 күндік тегін оңалту және сауықтыру курсынан өтті.

Біз балалардың физикалық және рухани денсаулығын сақтауға көп көңіл бөлеміз. Ай сайын әлеуметтік осал топтардан шыққан 100-ден астам бала «Өзін-өзі тану» оқу-сауықтыру кешенінде ем қабылдайды. Педиатрлар әр баланың жасын, физикалық және психоэмоционалдық жағдайын ескере отырып, жеке бағдарлама жасайды. Емдеу курсы терренкур, фитотерапия, галотерапия (тұз бөлмесі), дене шынықтыру және басқа да жалпы сауықтыру шараларын қамтиды, — деді «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығының бас директоры Баян Файзуллина.

Орталықта балаларға білім беру бойынша да қызметтер ұсынылады. Сауықтыру курсы мектеп бағдарламасы бойынша оқумен үйлестірілген. Бұл ретте «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасына ерекше көңіл бөлінеді. Бұдан басқа, балалардың ой-өрісін кеңейту үшін Алматының көрікті жерлерінде экскурсиялар, балалардың қызығушылықтары бойынша үйірмелер мен шығармашылық шеберханалар ұйымдастырылды.

Барлық жаңалықтар