00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Қазақстанда қандай мамандықтарға сұраныс жоғары

24.02.2023 | 16:16
Елорда ақпарат
38

Бос жұмыс орны саны бойынша Алматы, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Шымкент және Атырау қалалары алда келеді. Үшінші тоқсанда Алматыда 4 870, Нұр-Сұлтанда 1 732, Қарағандыда 602, Шымкентте 516, Өскеменде 459 жаңа вакансия тіркелген.

Үшінші тоқсанда hh.индекс 21%-ға өсіп, 3,9-ды құрады. Бұл дегеніміз – бір бос орынға шамамен 4 адам үміткер деген сөз. Бұл жағдай нарық үшін қалыпты болып есептеледі.

Қашықтан жұмыс істеу тренді әлі өзектілігін жоғалтқан жоқ. Үшінші тоқсанда жұмыс берушілер қашықтан жұмыс істеуге мүмкіндік беретін бос орындар санын 35%-ға көбейтті.

Сұранысқа ие салалар аса өзгере қоймады. Сату, есеп, қаржы, әкімшілік персонал, ақпараттық технологиялар, интернет, телеком және көлік, логистика салаларында бос жұмыс орны көп.

Барлық жаңалықтар