00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Оңтүстіктегі Шымкентте жылу солтүстіктегі Нұр-Сұлтанға қарағанда екі есе қымбат

24.02.2023 | 16:09
Елорда ақпарат
46

Биылғы қаңтар мен қыркүйек айлары аралығында Қазақстанда орталық жылу тарифі былтырғы үш тоқсанмен салыстырғанда 1,2%-ға арзандаған.

Алайда өңірлердегі жағдай өзгерек: 17 өңірдің 13-інде орталық орталық жылу тарифінің бағасы көтерілген. Баға әсіресе Ақтөбе (бір жылда 15,2%-ға), Ақмола (5,9%-ға) және Қарағанды (5,9%-ға) облыстарында айтарлықтай өскен.

Ал 3 өңірде тарифтер арзандаған. Мысалы, Түркістан облысында баға бірден 40,5%-ға, ал Қостанай облысында 6,7%-ға, Алматыда 3,2%-ға төмендеген.

Қазақстанда қыркүйекте орталық жылу тарифінің орташа бағасы 1 гигакалория (Гкал) үшін 3 522 теңгені құрады. Көкшетауда 1 Гкал – 1805 теңге, Атырауда 1 Гкал – 5 383 теңге аралығында. Сонымен қатар тізімге Көкшетауды қоспағанда елдегі ең арзан тариф солтүстікте: Павлодар мен Нұр-Сұлтанда 1 Гкал – сәйкесінше 2 392 теңге және 2 454 теңге.

Биылғы қаңтар мен тамыз аралығында жылу энергиясын өндіру көлемі 55,8 млн Гкал-ды құрады, бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 8,1%-ға артық. Бір жыл бұрын тиісті кезеңде көрсеткіш бір жылда 3,8%-ға төмендеген.

Жылу энергиясын өндірудің ең үлкен көлемі Павлодар (8,5 млн Гкал) және Қарағанды (8 млн Гкал) облыстарына және Алматы (5,3 млн Гкал) мен Нұр-Сұлтан (5,2 млн Гкал) қалаларына тиесілі. Сондай-ақ оңтүстік өңірлерде жылу энергиясы аз өндіріледі: мысалы, сегіз ай ішінде Түркістан облысында – 0,3 млн Гкал, Қызылорда облысында – 0,4 млн Гкал, Шымкентте – 1,1 млн Гкал өндірілген.
 

Барлық жаңалықтар