00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Қазақстандық стартап жоба ТМД елдері арасындағы байқауда жеңімпаз атанды

24.02.2023 | 16:07
Елорда ақпарат
30

Қазылар алқасының шешімімен "ТМД-ға арналған 100 идея" байқауының жеңімпаздары болып түрлі бағыттар мен номинациялар бойынша 12 жоба танылды.

Авиациялық, ғарыштық және көлік жүйелері номинациясында Көкшетау жоғары техникалық колледжінің 5 курс студенті Каир Әлихан "Таза сутегімен жұмыс істейтін қозғалтқыш " жобасымен жеңімпаз болып танылды.

Жалпы, байқауда 11 жас қазақстандық 10 бағыт бойынша өздерінің стартап-жобаларын ұсынды.

Атап кетейік, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстанның атынан Ұлттық делегацияны жасақтап, оның құрамына инновациялық идеялары бар талантты жастар кірген болатын.

Байқаудың финалында Ресей, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстанның жобалары ұсынылды. Барлық ТМД елдерінен барлығы 50 өтінім берілді.

Барлық жаңалықтар