00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Түнгі клубтар қайта ашылады

24.02.2023 | 16:06
Елорда ақпарат
55

Түнгі клубқа тек “жасыл” статусқа ие адамдар кіре алады және олардың саны клубтағы орынның 50%-ынан аспауы керек.

Сондай-ақ шектеулер әрбір санитарлық-эпидемиологиялық аймақ бойынша да ерекшеленеді:

  • "жасыл" аймақта – 100 адамнан аспауы тиіс;
  • "сары" аймақта – 70 адамнан аспауы тиіс;
  • "қызыл" аймақта – 50 адамнан аспауы тиіс.

Ashyq жобасына қатысушыларға жеңілдіктер қарастырылып жатыр.

"Енді Ashyq жобасының қатысушылары сағат 3.00-ге дейін, ал көшбасшы – жасыл аймақта 5.00 -ге дейін және сары аймақта сәйкесінше 1.00 және 3.00 -ге дейін жұмыс істеуіне болады. Біз бас санитарлық дәрігерлердің қаулыларына өзгеріс енгізуін күтеміз", – деді" Атамекен" ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев.

Шешім Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына өзгерістер енгізілгеннен кейін күшіне енеді.

 

 

Барлық жаңалықтар