00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Қарағандылық азамат шатастырып бөтен көлікті мініп жүрген

24.02.2023 | 16:03
Елорда ақпарат
31

35 жастағы тұрғын Қарағанды қаласының ПБ Орталық полиция бөліміне жүгініп, белгісіз біреудің үй ауласынан көлікті ұрлап кеткенін жеткізген. Келтірілген шығын көлемі 1 миллион теңгені құрады. Аталған факті бойынша полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 27 жастағы күдіктіні ұстады. Ұсталған адам басқа біреудің көлігін жүргізіп жүргенін білгенде қатты таң қалған.

Анықталғандай, ер адам өз көлігімен шатастырып, бөтен көлікті мініп кеткен. Көпқабатты үйдің ауласында маркасы мен түсі бірдей екі көлік қатар тұрған. Тіпті көліктің оталдыру кілті де бірдей болған. Тек жалғыз айырмашылық – мемлекеттік тіркеу нөмірі ғана өзгеше.

Тергеу анықтағандай, автокөлікті ұрлау ер адамның ойында болмаған. Қылмыстық құрамының болмауына байланысты қылмыстық іс қысқартылды.

Барлық жаңалықтар