00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Қазақстан пойыздарында әйелдерге арналған вагондар іске қосылды

24.02.2023 | 16:01
Елорда ақпарат
37

Жобаны іске асыру үшін №77/78 «Алматы – Маңғыстау» және №351/352 «Алматы-1 – Өскемен» жолаушылар пойыздарында бір купе вагоны іске қосылды.

BILET.RAILWAYS.KZ сайтында немесе «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларында темір жол билеттерін рәсімдеу кезінде «ЖН» (әйелдер) белгісі болған жағдайда бұл вагон әйел жынысты жолаушыларға ғана арналғанын білдіреді. Сондықтан ер жынысты жолаушылар пойыз билеттерін сатып алғанда абай болу керек. Бұл ретте аталған вагонға 7 жасқа дейінгі ер жынысты балаларды (еріп жүретін адам болған кезде) ресімдеуге рұқсат етіледі.

10 қазан күнгі бірінші рейсте (№77 – 58п. пойызы, №351– 34п. пойызы) «әйелдер» вагонына 92 жолаушы билет рәсімдеді. 

“Компания әйел жынысты жолаушылар тарапынан осы қызметке сұраныс болған жағдайда Қазақстан ішіндегі бағдарлардың ауқымын кеңейтуге және өз клиенттері тарапынан ұсыныстарға құлақ түруге дайын”, – делінген хабарламада.

 

Барлық жаңалықтар