00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Ұлттық ұлан офицері ұшақта адам өмірін құтқарды

24.02.2023 | 15:43
Елорда ақпарат
59

“Таңғы сағат бес шамасы кезі, барлығы қалың ұйқыда еді. Бір мезетте ұшақтың ішінде абыр-сабыр басталып кетті. Әуе серігі ары-бері жүгіріп, жолаушылардан көмек сұрай бастады. Осы арада дауыс зорайтқыш құрылғымен “Медицина қызметкері бар ма?” деген хабарлама естілді. Орнымнан дереу тұрдым да, әуе серігінің қасына бардым. Мен дәрігер емес, әскери ұшқыш екенімді және алғашқы көмек көрсете алатынымды айттым. Ең алдымен қан қысымын өлшедім, 80 де 60 нәтижесін көрсетті. Сол кезде бортсерікке тездетіп қара кофе алып келуді сұрадым. Оттегі баллондарды беруді сұрадым. Адамға ауа қажет екенін іштей білдім. Нұр-Сұлтан қаласына да жеттік. Жол бойы оның хәлін сұрап, қолын қысып, сөзбен қолдау көрсетіп тұрдым. Әуежайда санитарлық бригада қызметкерлерінің қолына тапсырдым”, – дейді ұландық офицер.

Барлық жаңалықтар