00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Қазақстандықтар автобуста электронды билеттер бойынша жүретін болады

24.02.2023 | 15:42
Елорда ақпарат
69

“Егер жолаушы электрондық жол жүру құжатын (билетін) сатып алса, онда электрондық жол жүру билеті немесе жеке басын куәландыратын құжат түпнұсқада не цифрлық құжаттар сервисі арқылы электрондық құжат нысанында сапарды пайдалану құқығы үшін жеткілікті негіз болып табылады, бұл ретте қағаз нысанындағы жол жүру құжаты берілмейді”, - делінген құжатта.


Бұл ретте жолаушылар мен багажды автомобильмен халықаралық, қалааралық, облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысішілік) тасымалдаудың маршруттары бойынша жол жүру және багажды алып жүру төлемін Автовокзалдар, автостанциялар, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері, сондай-ақ агенттіктер немесе электрондық билеттерді сату жөніндегі ақпараттық жүйелер қабылдайды және жолаушының жеке басын куәландыратын құжаттың негізінде түпнұсқада не цифрлық құжаттар сервисі арқылы электрондық құжат нысанында жүзеге асырылады.

Жолаушыларды отырғызу билетте көрсетілген тегін, атын және әкесінің атын жолаушының жеке басын куәландыратын құжатпен салыстырып тексеру арқылы түпнұсқада не электрондық құжат нысанында цифрлық құжаттар сервисі арқылы жүзеге асырылады.


Өзгерістер жүргізушілердің, соның ішінде таксидің жұмысына да әсер етті.

Олар рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық куәландырудан рейске (ауысымға) шыққанға дейін кемінде 30 минут бұрын және рейс аяқталғаннан кейін немесе жұмыс басталғанға дейін және таксидегі жұмыстан кейін 30 минуттан кешіктірмей, оларға жол парағын немесе борт журналын, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжатты түпнұсқада не цифрлық құжаттар сервисі арқылы электрондық құжат нысанында көрсетуі тиіс.


Багаж түбіртегі жоғалған жағдайда сақтауға қабылданған багаж иесіне оның жазбаша өтініші бойынша тапсырылған багаждың оған тиесілігі туралы дәлелдемелерді ұсына отырып беріледі. Бұл жағдайда багажды беру оның иесінің тегі, аты, әкесінің аты, оның жеке басын растайтын құжаттарға сәйкес, түпнұсқада не электрондық құжат нысанында цифрлық құжаттар сервисі арқылы қолхат ала отырып жүргізіледі.

Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін (6 қазан) күнтізбелік 60 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Барлық жаңалықтар