00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы стипендия иегерлері анықталды

24.02.2023 | 15:39
Елорда ақпарат
34

Байқау еліміздегі жоғары оқу орындарының журналистика факультетінің студенттері арасында екі ай көлемінде  жүргізілді. Корпорацияның оқу гранты Н.Иманғалиұлының телевизиядағы тұлғасы жайлы үздік бейнематериал ұсынған үш студентке табысталды.

Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай байқаудың мақсаты – қазақ телевизиясы қалыптаса бастаған уақыттан телеэфирдегі бейнесімен тұтас буынға үлгі болған Нұртілеу Иманғалиұлының есімі мен шығармашылығын насихаттау, ізбасарларына қолдау көрсету екенін атап өтті.

«Оқу гранты бастапқыда екі студентке белгіленген. Келіп түскен жұмыстар арасында Нұртілеу Иманғалиұлының шығармашылығын, тележүргізуші,  тұлға ретіндегі ерекшеліктерін өзгеше қырынан ашып көрсеткен студенттер болды.  Бейнематериалдарды қарастыра отырып, тағы бір үміткердің жұмысын үздік деп танып, қосымша грант беру туралы шешім қабылдадық», - деді  Л.Танысбай.

Телерадиокорпорация қызметкерлерінен құрылған арнайы комиссияның шешімімен Алматы қаласындағы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің 3-курс студенті Аңсаған Ғалаладин, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің 2-курс студенті Қанат Жолдасбеков, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің 4-курс студенті Күмісжан Исан Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы оқу грантының иегері атанды.

50 мың теңге көлеміндегі ай сайынғы стипендия студенттерге биылғы оқу жылына төленеді.

Барлық жаңалықтар