00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Халық санағы бейнебайланыс арқылы өткізілмейді

24.02.2023 | 15:38
Елорда ақпарат
27

«Халық санағы» сауалдарына жауап беру үшін бірнеше тәсіл қарастырылған. 1 қыркүйектен бастап елімізде онлайн санақ басталды. 15 қазанға дейін респонденттер санақ парақтарын sanaq.gov.kz арнайы сайты, E-Gov порталында тіркелу және Aitu мобильді қосымшасын пайдалану арқылы толтыра алады.

Қазанның 1-30 аралығында интервьюерлер азаматтарды толық қамту мақсатында үйлерді аралайтын болады. Үйлерді аралау кезеңінде интервьюерге арнайы куәліктер мен Ұлттық санақтың логотипі бейнеленген көк түсті шарф пен сөмке берілетін болады.

Куәлікте аумақтық статистика департаменті басшысының қолымен және мөрімен расталған интервьюердің фотосуреті, толық аты-жөні болады. Куәліктің жоғарғы бөлігінде тіркеу нөмірі көрсетіледі. Бұл нөмірді sanaq.gov.kz сайтында «Интервьюерді іздеу» жолағына енгізуге болады, содан кейін сайтта интервьюердің деректері көрсетіледі. Сондай-ақ, интервьюердің жеке басын 1446 нөміріне қоңырау шалу арқылы да тексеруге болады.

Барлық жаңалықтар