00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Қазақстанда 2 миллионнан астам зейнеткер бар

24.02.2023 | 15:21
Елорда ақпарат
48

Жалпы, мемлекет зейнетақымен қамсыздандыруды жетілдіру бойынша тұрақты негізде шаралар қабылдауда. Мысалы, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап ынтымақты зейнетақының мөлшері 7 пайызға, базалық зейнетақының мөлшері 5 пайызға өсті. Бұл ретте 2018 жылғы 1 шілдеден бастап базалық зейнетақы мөлшері зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне қарай ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайыздан 100 пайызға дейінгі еңбек өтіліне қарай сараланып белгіленеді.

Қазір базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 18,5 мың теңгені, ең жоғары мөлшері 39,3 мың теңгені, ал 2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша орташа мөлшері 31,1 мың теңгені құрайды. Ал 2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша ынтымақты зейнетақының орташа мөлшері – 68,8 мың, ең жоғары мөлшері – 100,6 мың, ең төменгі мөлшері – 43,3 мың теңге. Бұл жоспардың іске асырылуын бақылауды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жобалық офисі жүзеге асырады.

«Жоспарға сәйкес еліміздің барлық өңірінде белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарын ашу көзделген. Мұндай орталықтардың қызметі егде жастағы белсенді азаматтардың санын көбейтуге, олардың өмір сүру сапасын, әл-ауқатын, денсаулығын және психоэмоционалдық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта еліміздің 10 өңірінде: Алматы қаласының барлық аудандарында 9 орталық, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Ақмола, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстарында 21 орталық жұмыс істейді», – деп хабарлады Әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаментінің директоры Асқар Ниязов.

Егде жастағы қазақстандықтарды әлеуметтік қолдаудың тағы бір маңызды бағыты – арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету. Бүгінде онымен 45 мыңнан астам қарт қамтылды. Оларға 45 стационарлық үлгідегі ұйымда (медициналық-әлеуметтік мекемелерде), 43 жартылай стационарда (күндіз болу бөлімшелері және оңалту орталықтары), сондай-ақ 357 үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінде, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 136 ҮЕҰ-да және МЖӘ шеңберінде 4 жеке ұйымда қызмет көрсетіледі.

Жалпы, биыл жергілікті бюджеттердің мүмкіндіктерін ескере отырып және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында қарттарды әлеуметтік қолдауға 11,9 млрд теңгеден астам қаражат бағытталған.

Мерекеге орай айтсақ, бүгін елімізде Қарттар күніне орайластырылған айлық басталады. Облыстардың, қалалар мен аудандардың әкімдері, кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары аға буын азаматтарын әлеуметтік қолдау жөніндегі іс-шараларды, еңбек ұжымдарында кездесулерді, амбулаториялық-емханалық ұйымдарда Ашық есік күндерін және басқа да шараларды өткізетін болады.

Барлық жаңалықтар