00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елімізде 16 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істейді

24.02.2023 | 15:15
Елорда ақпарат
42

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттардың ішінде бірінші санат – 663 (басшылар және олардың орынбасарлары), екінші санат – 3 279 (құрылымдық бөлімшелердің басшылары).

Тартылған шетелдік жұмыс күшінің негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санатына жатады. Олар тиісінше 7 754 және 651 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 1 914, корпоративтік ауыстыру шеңберінде 1 853 адам тартылған.

Қазіргі уақытта Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1 790 жұмыс беруші бар. Оларда шамамен 494 мың Қазақстан азаматы жұмыс істейді. Бұл жалпы жұмысшылар санының 96 пайызын құрайды.

Еңбек мигранттары шығатын негізгі елдер: Қытай (3 837 адам), Түркия (1 965 адам), Өзбекстан (1 949 адам), Үндістан (1 024 адам), Ұлыбритания (949 адам).

Еске сала кетсек, ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын елімізге шетелдік мамандарды тартуға арналған квота белгілейді. 2021 жылы квота мөлшері жұмыс күшіне шаққанда 0,31 пайызды немесе 29,3 мың бірлікті құрады.

Барлық жаңалықтар