00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Серік Шәпкенов азаматтарды онлайн қабылдады

24.02.2023 | 15:13
Елорда ақпарат
37

Қабылдау барысында ведомство басшысы Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының, сондай-ақ Ақмола және Атырау облыстарының 7 тұрғынының мәселелерін қарады.

Азаматтар министрге жұмысқа орналасу, көпбалалы отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету, мүгедектігі бар адамдарды және Семей ядролық сынақ полигонының ардагерлері мәртебесі бар адамдарды қолдау мәселелері бойынша көмек пен кеңес алу үшін жүгінді.

Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдаған Серік Шәпкенов олардың өтініштері бойынша егжей-тегжейлі жауаптар берді, ал қарауға қосымша уақытты қажет ететін мәселелер бойынша ҚР Еңбек министрлігінің тиісті департаменттеріне өз құзыреті шеңберінде оларды шешуге жәрдем көрсету бойынша тапсырма берді.

Барлық жаңалықтар