00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді

24.02.2023 | 15:11
Елорда ақпарат
52

ЭЕБ-тегі жеке кабинетте қазақстандықтар жұмыс іздеп жүрген адам немесе жұмыссыз ретінде есепке тұра алады, жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемдер алуға өтінім береді, сондай-ақ мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына (жастар практикасы, қоғамдық жұмыстар және әлеуметтік жұмыс орындары) бос орындарды өз бетінше таңдауына болады.

Жыл басынан бері Электрондық еңбек биржасы арқылы мемлекеттік қызметтерді 102 мыңнан астам азамат пайдаланды, оның ішінде 88 мыңы жұмыссыз мәртебесін алды. Жалпы, 47,8 мың азамат жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 24,4 мыңы мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына орналастырылды. 12,2 мың қазақстандыққа жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдер тағайындалды.

Бұдан басқа, ЭЕБ-те ерікті түрде қоныс аудару бойынша консультациялық қызмет алу сервисі жұмыс істейді. Азаматтар интерактивті картада әлеуетті қоныс аудару өңірінің ақпаратын көре алады, сондай-ақ нақты ауылда/ауылдық округте инфрақұрылыммен, қабылдау квотасымен және бос жұмыс орындарымен таныса алады. Консультацияға өтінім берген кезде жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері өтініш берушімен телефон арқылы хабарласады және әлеуетті қоныс аударушыны қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап береді.

Сонымен қатар, осы жылдың шілде айынан бастап электрондық еңбек биржасында «Enbek Skills» платформасында қазақстандықтар қажетті дағдылар бойынша қысқа мерзімді оқытудан өтіп, түйіндемеде автоматты түрде тіркелетін дағдыны иелену туралы сертификат ала алады. Қазіргі таңда 100-ден астам автор өздерінің оқу курстарын сайтқа орналастырды. Бүгінде 3,6 мыңнан астам адам оқудан өтіп, сертификат алды.

Қазан айында ЭЕБ-те жұмыс берушілер үшін халықты жұмыспен қамту орталығына бармай-ақ мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарын ашу бойынша функционалды іске асыру жоспарлануда.

Барлық жаңалықтар