00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордалық жас қыз ақша ұтып берем деп бірнеше азаматты алдап соқты

24.02.2023 | 15:05
Елорда ақпарат
43

Өзінің жымысқы ойын іске асыру үшін ол WhatsApp мессенджерінде топтық чат ашып, ондағыларға спорттық ойындарға ставка қою арқылы ақша ұтып алуға көмектесетінін жазады. Адамдардың сеніміне кіру үшін ол жалған ұтыс чектері мен квитанцияларын жариялайды. Бір тәулік ішінде бәске тіккен ақшаны 2 есе көбейтіп беруге уәде берген ол адамдарды электронды әмиянына ақша аударуға көндіреді. Бұған алданған азаматтар 100 мың мен 300 мың аралығындағы ақшасын оның электронды әмиянына аударған. Бірақ ақша түскен соң әлгі қыз жәбірленушілердің нөмірін бұғаттап тастаған. 

Тергеу барысынжа оның ставка тігуге ешқандай қатысы жоғы, түскен ақшаны өз пайдасына жаратқаны анықталды. Енді оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексі 190-бабының 3-бөлімі (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалып жатыр. 

Әзірге күдікті 19 азаматты алдап соққаны белгілі, бірақ жәбірленушілер саны одан көп болуы мүмкін. 

 

Барлық жаңалықтар