00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Қазақстанда қандай дәрі-дәрмек қымбаттады

24.02.2023 | 14:54
Елорда ақпарат
50

Бәрінен бұрын дәрілік препараттардың бағасы Маңғыстау облысында (14,1%-ға) өскен. Дәрі-дәрмек сондай-ақ елорда (10,9%-ға) мен Ақмола облысында (9,1%-ға) да қымбаттаған. 

Ал Қостанай (0,1%), Павлодар (0,1%) және Жамбыл облыстарында (2,9%), керісінше, дәрілік препараттар арзандаған. 

Дәрі-дәрмектің ішінде ең қатты қымбаттағаны – “Хилак форте” (30 мл) болып шықты (17,9%-ға қымбаттап, 1,6 мың теңгеге жетті). Одан кейінгі орындарда – «Эссенциале форте Н» (30 капсула), «Но-шпа» (40 мг, 100 таблетка), «Корвалол» (25 мл) және «Аквалор» (125 мл) тұр. «Ренни», «Омез», «Ксимелин», «Ингавирин», «Амброксол» препараттарының да бағасы өскен. 

«Верошпирон» (100 мг, 30 капсула) бағасы сол күйі өзгеріссіз (2,2 мың тг) қалған. 

Бір жылда «Фенистил Нью» (20 мл) 2 мың теңгеге, «Гипотиазид» (25 мг, 20 таблетка) 1,1 мың теңгеге, «Азитромицин» (500 мг, 3 таблетка) 949 теңгеге, парацетамол (10 таблетка) 81 теңгеге, ацетилсалицил қышқылы (10 таблетка) 51 теңгеге дейін арзандады. 

 

Барлық жаңалықтар