00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Венгрияда мұғалімдер шеруге шықты

02.06.2023 | 21:00
64
Фото: 24.kz

Венгрияда мыңдаған адам шеруге шықты. Ұстаздар мен оқушылар Үкіметтің мұғалімдерден мемлекеттік қызметкер мәртебесін алып тастау шешіміне қарсы шықты, деп хабарлады Elorda.info.

Qazaqstan.tv сайтының жазуынша, бұған дейінгі наразылық акциясында полицияның жасөспірімдерге көзді жасаурататын газ қолдануына да қарсылық білдірді.

Мұғалімдер мен олардың шәкірттері Ішкі істер министрлігі ғимаратының жанына жиналып, «білім берудің құлдыруы қоғамның күйреуімен тең» деп ұрандатты.

Венгрия Үкіметінің мәлімдеуінше, ұстаздарға қатысты заң жобасы білім беру сапасын жақсартуға бағытталған.

Ал осы құжат қабылданса, 5 мыңға тарта мұғалім жұмыстан кететінін мәлімдеді.  

Барлық жаңалықтар