Елімізде «Жер сағаты» халықаралық экологиялық акциясы өтеді
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/818aec816672fcf0b48288871fbc9938.jpeg)
Бүгін әлемнің мыңдаған түрлі сәулет нысандары мен ғимараттарында жарық бір сағатқа өшіріледі, деп хабарлады Elorda.info қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
23 наурыз күні сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін «Жер сағаты» халықаралық экологиялық акциясы өтеді
«Жер сағаты» — Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) демеушілігімен өтетін жыл сайынғы халықаралық шара. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен 2 миллиардтан астам адам қатысады. Бұл – әртүрлі елдердің миллиондаған адамдары 1 сағатқа жарық пен электр құралдарын өшіретін, әлемнің мыңдаған сәулет ескерткіштері жарықтарын өшіретін уақыт.
Акцияның мақсаты – табиғатқа және планета ресурстарына жауапкершілікпен қарау қажеттілігіне назар аудару.
«Жер сағаты» науқаны кезінде WWF планетаның болашағына алаңдаушылық белгісі ретінде жарықтар мен тұрмыстық электр құрылғыларын бір сағатқа өшіруге шақырады.
Биыл Қазақстанда «Жер сағаты» еліміздің табиғатын сақтау тақырыбына арналған. Біз Қазақстанның барлық тұрғындарын саналы таңдау жасауға – қоршаған ортаға көмектесуге шақырамыз.
Акцияға мына нысандар қолдау көрсетеді:
1) Астана қаласының әкімдігі (Бейбітшілік көшесі, 11);
2) Астана қаласы Сарыарқа ауданының әкімдігі (Сарыарқа даңғылы, 13);
3) Бейбітшілік, 9 мекенжайындағы әкімшілік ғимарат;
4) Е.Рахмадиева атындағы Мемлекеттік академиялық филармония (Кенесары к-сі, 32);
5) М.Өтемісов атындағы Оқушылар сарайы (Мәмбетова к-сі, 1);
6) «Гранд Алатау» тұрғын үй кешені (Желтоқсан көшесі 2, 2/1, 2/2, 2/3);
7) «Арман» тұрғын үй кешені (Жеңіс даңғылы, 1)
8) «Престиж» тұрғын үй кешені (Желтоқсан көшесі, 1);
9) «Radisson Hotel Astana» (Сарыарқа даңғылы, 4)
10) «Riverside Apartments» тұрғын үй кешені (Сарыарқа даңғылы, 8);
11) «Park Inn by Radisson» қонақ үйі (Сарыарқа даңғылы, 8а);
12) «Симфония» тұрғын үй кешені (Сарыарқа даңғылы, 1);
13) «Болашақ» тұрғын үй кешені (Сарыарқа даңғылы, 3);
14) «Сана» тұрғын үй кешені (Шевченко к-сі, 8);
15) «Эдель» тұрғын үй кешені (Сарыарқа даңғылы, 5);
16) «Кенесары» тұрғын үй кешені (Сарыарқа даңғылы, 11);
17) Абай даңғылы, 13, әкімшілік ғимарат
18) Сарыарқа даңғылы, 17 мекенжайы бойынша тұрғын үй ғимараты;
19) «Шаңырақ» жатақханасы (Сарыарқа даңғылы, 42, 44);
20) «Свечки» тұрғын үй кешені (Бөгенбай батыр 28, 30);
21) «KERUEN CITY» ЖШС;
22) «Астана-Бәйтерек» монументі;
23) «Қазмедиа орталығы» телерадиокешені;
24) Нұр-Әлем мұражайының павильоны;
25) Бейбітшілік және келісім сарайы;
26) «Әзірет Сұлтан» мешіті;
27) Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы;
28) Республикалық Бас мешіт;
29) «Айланд» отбасылық ойын-сауық орталығы;
30) «Астана Балет» ЖШС;
31) «ҚазМұнайГаз» ҰК;
32) «Қазақ елі» монументі;
33) «Мәңгілік Ел» салтанатты аркасы.
![Непалда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады](/img/articles/1ad78a7e07c8e0d4ff5313fb8700e0bc.webp)
![Қырғызстанда тағы да алапат сел жүрді](/img/articles/5377b96345a874038d04c20d53880af1.png)
![Өзбекстанда туыстар арасындағы некеге тыйым салу ұсынылды](/img/articles/cab50a10cef947d12a18ead6e076053b.jpg)
![Қытайдың Хайнань аралында жойқын тайфун соқты](/img/articles/596d8cfd70692baa60e32d86ba57cd0d.jpg)
![Байден президент сайлауына түсуден бас тартты](/img/articles/342dfde30d744fb43bceba1f151b8376.webp)
![Қырғызстанда сел жүріп, бес адам қаза тапты](/img/articles/b157bf246ef8d380bfc85b9c44b987e8.webp)
![Елімізде «Жер сағаты» халықаралық экологиялық акциясы өтеді](/img/articles/818aec816672fcf0b48288871fbc9938.jpeg)
![Қазақстандық әскерилер АҚШ-тағы жарыста үздік нәтиже көрсетті](/img/articles/uploads/8dd58e55288277e40fd44eb52f517ad2_1280x720_1594672952.jpg)
![Антарктидада көлемі Түркия елінің аумағындай мұз еріді](/img/articles/uploads/anadoly_c782e38a84.jpg)
![Газа секторындағы 28 қазақстандық елге оралады](/img/articles/uploads/11_photo1702216037_036b8ab41d.jpg)
![Әкесі – маймыл, шешесі – адам: Анголада ерекше бала тұрады (ФОТО, ВИДЕО)](/img/articles/uploads/63eb2b6d3660b552182275_43d3959880.jpg)
![Әлемдегі ең бай адам кім](/img/articles/uploads/oknn_f5e9a975d1.jpg)
![Өнертапқыш әйелдер: Wi-Fi-ды кім ойлап тапты (ФОТО)](/img/articles/uploads/622b1deeb5499661451716_bd135a7d67.jpg)
![«Хабар» Еңбек күніне орай ауқымды телемарафон ұсынады](/img/articles/uploads/a0843644_9e8e_4556_9497_7907662a0dc5_505d844c4c.jpg)
![Елімізде «Жер сағаты» халықаралық экологиялық акциясы өтеді](/img/articles/818aec816672fcf0b48288871fbc9938.jpeg)
![Бір топ адам мысықты тірідей өртеп жіберген](/img/articles/uploads/hthh_83527078c6.jpg)
![Джо Байден шалынып кетіп, оңбай құлады](/img/articles/uploads/ee_f649c543d9.jpeg)
![Қазақстандық әскерилер АҚШ-тағы жарыста үздік нәтиже көрсетті](/img/articles/uploads/8dd58e55288277e40fd44eb52f517ad2_1280x720_1594672952.jpg)
![Қазақстандық бітімгерлер Ливанға аттанды](/img/articles/uploads/photo_5361639398128602858_y_90ff992a62.jpg)
![Антарктидада көлемі Түркия елінің аумағындай мұз еріді](/img/articles/uploads/anadoly_c782e38a84.jpg)