Қазақстандық әскерилер АҚШ-тағы жарыста үздік нәтиже көрсетті
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/8dd58e55288277e40fd44eb52f517ad2_1280x720_1594672952.jpg)
Сержант Мұхиядин Смағұл мен 2-сыныпты сержант Орынбек Сандыбеков «Үздік жауынгер-2024» жарысында бақ сынаған 40 қатысушының ішіндегі бірден-бір шетелдіктер болды.
Ұлттық ұланның, Қарулы күштердің және АҚШ-тың басқа да күштік құрылымдары арнайы бөлімшелерінің әскери қызметшілері қатысқан жарыста қазақстандық әскерилер жауынгерлік дайындыққа байланысты барлық кезеңдерде үздік нәтижелер көрсетті.
Олар дене дайындығы, америкалық үлгідегі атыс қаруын бөлшектеу, құрастыру, оларды жауынгерлік күйге келтіру, тапаншадан, автоматтан және пулеметтен ату жөніндегі нормативтерді сәтті орындады.
Жарыс бағдарламасында, сондай-ақ радиостанцияны баптау және байланысқа шығу, түнгі және күндізгі уақытта жергілікті жерді бағдарлау, алғашқы медициналық көмек көрсету, жаралыларды алып шығу секілді тапсырмалар да болды.
20 шақырымдық марш кезінде қолындағы қару-жарақпен және 16 килограмдық қапшықпен 35-ші гвардиялық десанттық-шабуылдау бригадасының сержанты Мұхиядин Смағұл бір сағат 59 минутта межелі қашықтықты еңсеріп, жеңіске жетті.
Жарысты ұйымдастырушылар байқау тарихында мұндай жағдай әлі болған жоқ деп мәлімдеді. Біздің десантшымыздың жетістігін аты аңызға айналған кениялық жүгіруші, Олимпиада чемпионы Элиуд Кипчогенің рекордымен салыстырды, – деп нақтылады Қазақстан Қарулы күштерінің бас сержанты шебер сержант Темірбек Халықов.
2-сынып сержант Орынбек Сандыбеков те жауынгерлік дайындық пәндерінде үздік нәтижеге жетіп, маршта екінші орыннан көрінді.
![Непалда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады](/img/articles/1ad78a7e07c8e0d4ff5313fb8700e0bc.webp)
![Қырғызстанда тағы да алапат сел жүрді](/img/articles/5377b96345a874038d04c20d53880af1.png)
![Өзбекстанда туыстар арасындағы некеге тыйым салу ұсынылды](/img/articles/cab50a10cef947d12a18ead6e076053b.jpg)
![Қытайдың Хайнань аралында жойқын тайфун соқты](/img/articles/596d8cfd70692baa60e32d86ba57cd0d.jpg)
![Байден президент сайлауына түсуден бас тартты](/img/articles/342dfde30d744fb43bceba1f151b8376.webp)
![Қырғызстанда сел жүріп, бес адам қаза тапты](/img/articles/b157bf246ef8d380bfc85b9c44b987e8.webp)
![Елімізде «Жер сағаты» халықаралық экологиялық акциясы өтеді](/img/articles/818aec816672fcf0b48288871fbc9938.jpeg)
![Қазақстандық әскерилер АҚШ-тағы жарыста үздік нәтиже көрсетті](/img/articles/uploads/8dd58e55288277e40fd44eb52f517ad2_1280x720_1594672952.jpg)
![Антарктидада көлемі Түркия елінің аумағындай мұз еріді](/img/articles/uploads/anadoly_c782e38a84.jpg)
![Газа секторындағы 28 қазақстандық елге оралады](/img/articles/uploads/11_photo1702216037_036b8ab41d.jpg)
![Әкесі – маймыл, шешесі – адам: Анголада ерекше бала тұрады (ФОТО, ВИДЕО)](/img/articles/uploads/63eb2b6d3660b552182275_43d3959880.jpg)
![Әлемдегі ең бай адам кім](/img/articles/uploads/oknn_f5e9a975d1.jpg)
![Өнертапқыш әйелдер: Wi-Fi-ды кім ойлап тапты (ФОТО)](/img/articles/uploads/622b1deeb5499661451716_bd135a7d67.jpg)
![«Хабар» Еңбек күніне орай ауқымды телемарафон ұсынады](/img/articles/uploads/a0843644_9e8e_4556_9497_7907662a0dc5_505d844c4c.jpg)
![Елімізде «Жер сағаты» халықаралық экологиялық акциясы өтеді](/img/articles/818aec816672fcf0b48288871fbc9938.jpeg)
![Бір топ адам мысықты тірідей өртеп жіберген](/img/articles/uploads/hthh_83527078c6.jpg)
![Джо Байден шалынып кетіп, оңбай құлады](/img/articles/uploads/ee_f649c543d9.jpeg)
![Қазақстандық әскерилер АҚШ-тағы жарыста үздік нәтиже көрсетті](/img/articles/uploads/8dd58e55288277e40fd44eb52f517ad2_1280x720_1594672952.jpg)
![Қазақстандық бітімгерлер Ливанға аттанды](/img/articles/uploads/photo_5361639398128602858_y_90ff992a62.jpg)
![Антарктидада көлемі Түркия елінің аумағындай мұз еріді](/img/articles/uploads/anadoly_c782e38a84.jpg)