00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Непал билігі апатқа ұшыраған жолаушылар ұшағының қара жәшігін Францияға жіберді

31.03.2023 | 22:02
Айман Нығмет
40

Әуе кемесінің ұшу кезіндегі мәліметтерді тіркейтін құрал сол жақта сарапталмақ, деп хабарлады Elorda.info 24.kz-ке сілтеме жасап.

Себебі осы ұшақты шығарушы компанияның штаб-пәтері Тулузда орналасқан. Ал борттағы диктофонды жергілікті мамандар зерттемек.

Айта кетейік, өткен жексенбі күні Катмандудан шыққан жолаушылар ұшағы Покхара қаласының әуежайына қона бергенде апатқа ұшырады. Оқиға кезінде әуе көлігінде 4 экипаж мүшесі мен 68 жолаушы болған. Құтқарушылар олардың 69-ының денесін тапты. Тағы 3 адамның мәйіті әлі іздестіріліп жатыр. Апаттың себептері әлі белгісіз.

 

Барлық жаңалықтар