00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

2022 жылғы әлемнің үздік әуекомпаниялары аталды

31.03.2023 | 18:04
Айман Нығмет
55

Ұлыбританияда орналасқан Skytrax ұйымы 2021 жылдың қыркүйегі мен 2022 жылдың тамыз айларының аралығында 100-ден аса елдегі 14 миллион клиенттен сауалнама алды, деп хабарлады Elorda.info.

Бірінші орынға 1999 жылдан бері жеті рет үздік атанған Qatar Airways шықты.  Екінші және үшінші орындарды Singapore Airlines және Emirates әуекомпаниялары өзара бөлісті. Бұл компаниялар жыл сайын үздіктер қатарына енеді. 

Бұл рейтингте қазақстандық Air Astana компаниясы үздік 100-дікке енген. Отандық әуекомпания былтырғы нәтижесін жақсартып, бес саты көтеріліп, 38 орынға көтерілді. Ал 2019 жылы «Эйр Астана» 51 орынды болған. Сондай-ақ, отандық әуекомпания Орталық Азия мен ТМД-дағы ең үздік әуекомпания атанды. Air Astana Skytrax беделді сыйлығын осымен оныншы рет иеленді, бірақ бұл жолы «Орталық Азия мен ТМД-дағы ең үздік әуекомпания» аталымы бойынша, сонымен бірге алғаш рет» Орталық Азия мен ТМД-дағы ең үздік қызмет көрсету» марапатына қол жеткізді. 

Барлық жаңалықтар