00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

50 адам зардап шекті: Испанияда 10 сантиметр болатын бұршақ жауды (ВИДЕО)

31.03.2023 | 16:40
Елорда ақпарат
59

Испанияда 10 сантиметрлік бұршақ жауды. Салдарынан бір бала қаза тауып, 50 адам жарақат алды, деп хабарлады Elorda.info

El Pais хабарлағандай, бір жарым жасар қыз басына бұршақ түсіп, ауруханаға жеткізілген. Алайда ол қайтыс болды.

Апат салдарынан 50 адам зардап шекті, оның 32-сі медициналық көмекке мұқтаж болды, 16 адам ауруханаға жатқызылды.

Өрт сөндірушілерге дауылға байланысты 40-тан астам қоңырау түскен. Бұршақ үйлердің шатырларын сындырып, электр сымдарына зақым келтірген. Сондай-ақ бұршақ салдарынан көптеген көліктің терезелері сынған.

Еске салсақ, бұл – соңғы 20 жылдағы ең күшті дауыл.

Барлық жаңалықтар