00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Түркіменстан барлық шетелдік БАҚ-қа тосқауыл қойды

25.02.2023 | 11:23
Елорда ақпарат
39

Orda.kz сайтының жазуынша, бұған дейін Қазақстан, Әзербайжан және Қырғызстан басылымдарына қолжетімділік жабылған болатын.

Ресейдегі барлық жаңалықтар сайттары: ИноСМИ, РИА Новости, РБК, ТАСС, қандай да бір жаңалықтар бар телекомпаниялардың сайттарына тыйым салынды. Бұл кіруге болатын соңғы шетелдік жаңалықтар сайттары еді, енді  олар да жабылды. Сайтқа да, мобильді қосымшалар арқылы да кіруге тыйым салынған. Әзербайжан сайттары да ашылмаған. Бұрын да басқа жаңалықтарға рұқсат болмағанын ескерсек, ендігі жерде барлық ақпарат ағыны бітелді. Қазақстан мен Қырғызстан жаңалықтарына бұдан да ертерек тосқауыл қойылған болатын, – дейді Азаттық радиосының сол елдегі тілшісі.

Сонымен қатар елдегі шетелдік банктердің сайттарына, төлем жүйелеріне кіру, AppStore арқылы музыка жүктеу де бұғатталған. Барлық VPN қызметтеріне қол жеткізу толығымен дерлік бұғатталған.

Түркіменстан билігі интернетке кіруді үнемі шектеп, VPN арқылы сайттарды қарауға тыйым салады. Тыйымды бұзғандар жауап алуға шақырылып, айыппұл арқалайды.

Барлық жаңалықтар