00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Меркурийдің алғашқы суреттері жарияланды

25.02.2023 | 09:46
Айман Нығмет
77

Stan.kz мәліметінше, Еуропалық ғарыш агенттігі (ESA) мен Жапон ғарыш агенттігі (JAXA) жасаған BepiColombo ғарыш кемесі Меркурийге екінші рет ұшуы кезінде планетаның алғашқы суреттерін түсірген.

Сондай-ақ, ғарыш аппаратының көмегімен жақындауға санаулы сағаттар қалғанда магниттік өрістерді, плазманы және планетаның қоршаған ортасының бөлшектері бақыланған.

Айта кетейік, BepiColombo ғарышқа 2018 жылдың қазан айында ұшырылды және тоғыз планетаны айналып өту негізгі міндетіне кіреді. Бір рет Жерді, екі рет Венера және алты рет Меркурийді айналады, себебі Күннің орасан зор тартылыс күшіне қарсы тұра алуы керек. BepiColombo-ның Меркурийді зерттеу бойынша негізгі ғылыми миссиясы 2026 жылдың басында басталады.  Меркурийге келесі сапар 2023 жылдың 20 маусымына жоспарланған.

 

Барлық жаңалықтар