00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Ұлыбританияда теміржолшылар ереуілге шықты

25.02.2023 | 09:29
Елорда ақпарат
51

Сейсенбі күні Ұлыбританияда теміржолшылардың соңғы 30 жылдағы ең үлкен ереуілі өтті. Миллиондаған адам елдің көлік желісіндегі коллапстан қиын жағдайға тап болды. Кейбір теміржол станцияларында пойыздардың тек 20% ғана қатынады. Лондон метрополитені де қызметін тоқтатты.

Осындай ереуілдер алдағы бейсенбі және сенбі күндеріне жоспарланған. Бұл жалақы мен еңбек жағдайын жақсартуға, теміржол желісін жаңғыртуға қатысты ұзақ уақытқа созылған күрестің шарықтау шегі. Қазір елде бұрын-соңды болмаған қымбатшылық орын алып отыр. Көптеген жұмысшы сәуір айында 9% құраған инфляция салдарынан қиын жағдайға тап болды

Барлық жаңалықтар