00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Таиландтқа бару үшін ереже жеңілдейді

25.02.2023 | 09:10
Айман Нығмет
45

Бұл жүйеге сәйкес сырттан келгендер коронавирусты емдеуге кететін шығындарды жабатын медициналық сақтандыру полисін сатып алу керек еді. Оның құны 10 мың доллар болатын. Енді шетелдік демалушылар вакциналау сертификатын не антигенге жасалған экспресс-тесттің нәтижесін көрсетсе жеткілікті. Айта кеткен жөн, Таиланд саяхатшылар арасында ең танымал бағыттардың бірі саналады. Елдің жалпы ішкі өнімдегі бұл сектордың үлесі 12 процент шамасында. 2019 жылы мұнда 40 миллион демалушы келген екен. Алайда кейінгі кезде жергілікті компаниялар «Тай Пасс» жүйесі салдарынан туризмнің қайта жандануы баяу жүріп жатқанын айтып жиі шағымданатын болды.

 

Барлық жаңалықтар