00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Қазақстандықтарға цифрлық жеке куәлікпен ұшуға рұқсат етілді

25.02.2023 | 04:47
Елорда ақпарат
32

Air Astana әуекомпаниясының мәліметінше, 2022 жылдың 14 сәуірінен бастап жолаушылар рейстерге eGov mobile, Kaspi.kz және Homebank.kz қосымшалары арқылы тіркеле алады. Олар цифрлық жеке куәлікті тіркеу аймағында және Қазақстан аумағында барлық әуежайларда ұшаққа отырғызу кезінде пайдалана алады. 

Электронды құжаттармен қатар бұрынғыша жеке куәлік пен туу туралы куәліктің түпнұсқасын да көрсетуге болады. 

Бұл электронды құжаттарды пайдаланудағы алғашқы тәжірибе. Мұндай қадам жолаушылардың саяхаттауын ыңғайлы етеді және осы жоба дами келе әуежайлардағы барлық шара жеңілдей түседі, - деді жердегі қызмет көрсетуді дамыту менеджері Данияр Құрманалин. 

Барлық жаңалықтар