00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Грекия туристер үшін COVID шектеулерін жеңілдетті

25.02.2023 | 04:47
Елорда ақпарат
56

Грекияның Денсаулық сақтау министрі Танос Плевристің мәліметінше, 1 мамырдан 31 тамызға дейін қоғамдық тамақтану орындары мен дүкендерге барған кезде туристер мен жергілікті тұрғындарға вакцина төлқұжатын немесе COVID-19 ауруы туралы анықтаманы ұсынудың қажеті жоқ.

Дәмхана, мейрамхана, кинотеатрлар және басқа да адамдар көп жиналатын жерлерде келушілер санына барлық шектеу алынып тасталады. Сонымен қатар 1 маусымнан бастап үй-жайларда бетперде кию тоқтатылады.

Сондай-ақ Грекия билігі кіру ережелеріндегі жаңа жеңілдіктерді қарастырып жатыр, бірақ оларды әлі хаттамаға енгізген жоқ. Бұған дейін жаздың басынан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыдан грек Ираклионына, сондай-ақ Салоникиге рейстер ашылатыны белгілі болды.

Барлық жаңалықтар