00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Манхэттенде унитаздан үй салынды

25.02.2023 | 00:34
Елорда ақпарат
43

Ғимараттың басты ерекшелігі – оның кірпіштерінің құрамы 60%-ы қайта өңделген керамикалық унитаздан, болаттан және шатырлардан тұрады. Ғимараттың қасбетінде жалпы салмағы 263 келі болатын өнеркәсіптік қалдық бар.

Жақындап қарасаңыз, әрбір кірпіш өзінше бөлек. Кейбіреулері тегіс, кейбіреулерінің сыртқы түрі егеуқұм қағазына ұқсайды, ал енді біреулерінің беті майда саңылау тесіктерден тұрады. Алайда олардың бәрінің беті шыны қабатпен көмкерілгендіктен, күнге шағылысқанда әлгі үй жарқырап тұрады.

Қалдықтардың түріне қарай, кірпіштердің түсі мен бедері де әртүрлі. Қанық қоңыр түсті кірпіш алу үшін компанияларға құрыш құю зауытынан шыққан қалдықтарды қосуға тура келген.

Барлық жаңалықтар