00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Атышулы Жириновский ауыр жағдайда ауруханаға түсті

24.02.2023 | 23:53
Елорда ақпарат
57

Ресейдегі Либералдық-демократиялық партияның көшбасшысы Владимир Жириновский Мәскеудегі Орталық клиникалық ауруханаға жеткізілген. 75 жастағы саясаткердің жағдайы ауыр көрінеді. 

Жириновский жетекшілік ететін Либералдық-демократиялық партияның баспасөз қызметі саясаткердің ауруханаға түскеніне екі күн болғанын хабарлаған.

Telegram-арналар ресейлік саясаткердің өкпесі 50-75 пайызға дейін қабынғанын жазып жатыр. 

Ресей Мемлекеттік думасының депутаты Владимир Жириновский 1946 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Ол Масанчи көшесіндегі №79 үйде тұрып, 1964 жылдың 3 маусымында Қазақстаннан көшіп кеткен.

Барлық жаңалықтар