00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Әріптестерін атып өлтірген сарбаздың не себепті ондай әрекетке барғаны белгілі болды

24.02.2023 | 22:44
Елорда ақпарат
45

 «Страна.ua» басылымының жазуынша, Украинада Рябчук өзімен бірге зауытты күзетіп жүрген әскери қызметшілерді атып тастаған. Осыдан соң Калашников автоматын алып, қашып кеткен. Алайда сарбаз бірнеше сағаттан кейін Днепр маңындағы Подгородное деген жерде тәртіп сақшыларының құрығына түсті. 

Белгілі болғандай, ол тәртіп сақшыларына өздігінен берілген. Рябчук көшеде кетіп бара жатқан әйелді тоқтатып, құқық қорғау органдарына өзі туралы ақпарат беруді өтінген. Ұстауға келген полиция қызметкерлеріне де қарсылық көрсетпепті. Сарбазды қоршауға алып, аспанға бір рет оқ атқаннан кейін Рябчук бірден автоматын тастап, жерге жата қалған.

Сол күні күдікті тергеу қызметіндегілерге адамдарды қалай атқанын айтып берді. Ол алдымен қарауыл бастығы мен оның көмекшісін атып өлтірген. Бұдан соң тағы екі әскериді атып тастаған. Кейін инструктор әйелге оқ атқан. Себебі ол жарты сағат сайын бөлімшеге хабарласып, барлық жағдайды баяндап отырған көрінеді. 

Оқи отырыңыз: ”5 адам қаза тапты”: Ұлттық ұланның әскери қызметшісі әріптестерін атып тастады

Сондай-ақ қашу үшін зауыттан шығып бара жатқанда 22 жастағы қыз оған шығуына қарсы болған. Рябчук ештеңеге қарамастан оған да оқ жаудырған. Жас қыз ауыр жарақат алып, үш литр қан жоғалтты. Қазір дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп жатыр. Сонымен қатар тағы бір адамның жағдайы ауыр. 

Халық депутаты Юлия Яцик зауытта болған қанды оқиғаның себебін жариялады. Оның айтуынша, Рябчук командирлеріне қызметтестері басқа бір сарбазды ұрып-соққаны туралы айтқан. Бірақ басшылық ешқандай шара қолданбапты. Ал Рябчуктың өзі қудалауға ұшыраған. Осыдан кейін ол өшін алған. Сонымен қатар Рябчук келісімшартпен әскери қызмет атқарып жүргендердің сарбаздарға қысым көрсетіп жүргенін де айтқан.

Полицияға жауап бергенде ол жасаған қылмысына өкінбейтінін ашық айтты. Ал адамдарды қалай өлтіргенін еш мүдірмей баяндап берді. Заң бойынша ол өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Барлық жаңалықтар