00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Джефф Безос «өлімге қарсы таблетка» жасап жатыр

24.02.2023 | 22:25
Елорда ақпарат
37

Zakon.kz-тің мәліметінше, қартаюға қарсы Alto Labs стартапына 3 миллиард доллар инвестицияланды. Безостан басқа, инвесторлар қатарында ресейлік-израильдік миллиардер Юрий Мильнер де бар.

Стартаптың негізіне биологиялық қайта бағдарламалауға қол жеткізу миссиясы басшылыққа алынған. Бұл жасушаларды едәуір жасарту әдісі болып табылады.

Теория бойынша адам қартайған сайын жасушалары қалпына келуі мүмкін, бұл деменция сияқты ұлғайған жастағы ауруларды болдырмауға көмектеседі.

Жоба аясында GlaxoSmithKline фармацевтикалық гигантының бұрынғы бас ғылыми қызметкері Хэл Бэррон жұмыс істейді, ол қазір Alto Lab-тың бас директоры болып тағайындалды.

Сонымен қатар команда құрамында тін жасушаларды зерттеу саласындағы жұмысы үшін 2012 жылғы медицина саласындағы Нобель сыйлығының иегері, доктор Шинья Яманака және CRISPR гендік өңдеу құралын жасағаны үшін 2020 жылғы химия саласындағы Нобель сыйлығының тағы бір лауреаты Дженнифер Дудна да бар.

Барлық жаңалықтар