00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Ж.Тәшенев көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі

23.04.2024 | 10:49
53
Ж.Тәшенев көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі
Фото: Оңалхан Өнерхан

Бұл туралы Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

Жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты Ж.Тәшенев көшесінің Республика даңғылынан Амман көшесіне дейінгі бөлігі 5 мамырға дейін ішінара жабылады

Жөндеу жұмыстарын жүргізу кезеңінде қалалық қоғамдық көлік маршруттарының қозғалыс сызбалары өзгертілетін болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз. Жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз, - делінген хабарламада.

Барлық жаңалықтар