00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Қысқы ойын-сауық: Астанадағы ең таңдаулы 5 орын

31.01.2024 | 03:57
52
Фото: дереккөз

Елордадағы қысқы демалыс орындары келушілерге тегін. Онда әркім өз сырғанақ құралымен жүрсе де болады.

Қысқы сырғанақ орындарының аумағында жарқын декорациялар мен инсталляциялар, тақырыптық фотоаймақтар мен фудкорттар орнатылған.

Астанадағы ең таңдаулы орындар:

1. ЭКСПО аумағы

Мұнда қаланың ең үлкен мұз айдындарының бірі орналасқан. Тұрғындар үшін жылы киім ауыстыратын бөлме, фотоаймақтар және жайлы кафелер бар.

2. Орталық саябақ

Елордалық Орталық саябақта биыл алғаш рет ұзындығы 290 м болатын ең ұзын мұз айдыны ашылды. Айта кетсек, мұнда 3 ақпанда Оңтүстік Кореяда өткен жасөспірімдер Олимпиадасының алтын медалін жеңіп алған хоккейден Қазақстан құрамасының мүшелері балаларға арналған шеберлік сабағын өткізеді.

68a9d4d947cb6ba96054c9be39397c79_1280x720.jpeg

3. «Қазақ елі» монументі

Ескерткіш алаңы тірі шыршалармен және жарқын қондырғылармен безендірілген. Келушілер бұл жерді тегіс және биік, қауіпсіз мұз айдыны үшін таңдайды.

4. Қалалық алаң

Оң жағалау орталығының қысқы тұжырымдамасы жағалаудан басталып, қала алаңымен аяқталады. Келушілер үшін сырғанақ, мұз айдыны жұмыс істейді. Жасыл шыршаның немесе арнайы фотоаймақтардың жанында естелік фотосуретке түсе аласыз.

4861ba036a81813c170158b7b09cb29b_1280x720.jpeg

5. «Ататүрік» саябағы

Ататүрік саябағындағы гүлзарлар түріндегі мұз айдыны астаналықтардың сүйікті орнына айналды. Кешкілік онда түнгі жарық қосылып, ерекше атмосфера орнайды.

Барлық жаңалықтар