00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

ТЖД елорда тұрғындарын қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды

29.03.2024 | 10:44
Елорда ақпарат
138
ТЖД елорда тұрғындарын қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарынан көшеде жүргенде өте мұқият және сақ болуды сұрайды, деп хабарлады Elorda.info.

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша, бүгін Астанада жауын-шашын болады. Оңтүстік-батыстан жел екпіні 15-20 м/с құрайды.

Құтқарушылар тұрғындардан мұқият және сақ болуды сұрайды. Үйлердің қабырғаларында, аялдамаларда, билбордтардың жанында, ағаштардың астында желден жасырынбаңыз. Сынған сымдар мен тербелмелі белгілерге жақындамаңыз. Автокөлікті ескі және жалғыз тұрған ағаштардың жанына қоймаңыз, - делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар кезінде Астана әкімдігі «109» қызметіне хабарласуды сұрайды.

Бүгінгі таңда қаланың барлық коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

Барлық жаңалықтар