00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Тоқтар Әубәкіров әскери қызметшілермен кездесті

03.04.2024 | 17:21
Елорда ақпарат
63
Тоқтар Әубәкіров әскери қызметшілермен кездесті
Фото: дереккөз

Астанада ұшқыш-ғарышкер, авиация генерал-майоры Тоқтар Әубәкіров Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысының күн тәртібі туралы айтып берді, деп хабарлады Elorda.info

Қазақстанның Халық қаһарманымен кездесуге Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығына Құрлық әскерлері мен Әуе қорғанысы күштерінің әскери қызметшілері келді. 

Тоқтар Әубәкіров ел Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші органның жалпыұлттық диалогты жолға қоюдағы рөлін атап өтті. Ол барлығына заң алдындағы теңдікке негізделген әділ қоғам құруға бағытталған реформаларды бастаған Президентке қолдау білдірді.

Әділетті Қазақстан билікті ғана емес, қоғамды да қалыптастырады. Ұлттық құрылтай бұның барлық қабатын біріктіруге арналған. Біз, бәріміз, ауызбіршілігіміз бен ынтымағымыздың, бірлігіміздің арқасында ғана бірге жаңа Қазақстанды құра аламыз, – деді Т. Әубәкіров. 

Кездесу барысында жастарды патриоттық тәрбиелеуге, тарихи құндылықтарға, қоршаған ортаны қорғауға, адам құқықтарына және лудоманиямен күреске қатысты сұрақтар қойылды. 

Біз қашанда мемлекеттің институты болып қала береміз. Әскери қызметшілер үшін күн тәртібінде ақпаратты білу маңызды. Түсіндіру жұмысы аясында әскери қызметшілерді Ұлттық құрылтайда айтылған тезистер мен бастамалармен таныстырамыз. Әділетті Қазақстанды құру идеясын іске асыру маңызды, – деп атап өтті Құрлық әскерлері бас қолбасшысы басқармасы тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі бас басқармасы бастығының орынбасары, полковник Евгений Федоров. 

Кездесу соңында Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы, генерал-майор Асан Жүсіпов қоғам қайраткері Тоқтар Әубәкіровке жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.

Барлық жаңалықтар