00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

ТЖД қызметкерлері өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндірді

19.09.2023 | 07:00
52
Фото: Сұлтан Сейіт

Нұра ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері жеке секторды аралап, улы газ датчиктерін орнатып, тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндірді, деп хабарлады Elorda.info.

Әлеуметтік қорғалмаған санатқа жататын жеке сектор тұрғындарына өртке қарсы дабыл құрылғысы орнатылды, сондай-ақ оларға өрт қауіпсіздігі ережелері туралы түсіндірілді. Сонымен қатар, мамандар пеш пен газ жабдықтарын тексеріп, тұрғындарға арнайы жадынамалар таратты.

Қазіргі уақытта жылыту маусымы кезеңінде жеке тұрғын үй секторларында күнделікті негізде аулаларды аралау шарасы жүргізіліп жатыр. Біз көміртегі тотығы датчиктерін орнатамыз, бұл аппарат түтін пайда болған кезде арнайы дыбыстар шығарады. Олар иесіне және тұрғындарға қауіп туралы дереу хабарлайды. Көміртегі тотығы датчиктерінің бұл түрі ақпаратты құтқару қызметіне бермейді, тек хабарлайды.
Датчик іске қосылған жағдайда өрт сөндрушілер келу үшін 101 немесе 112 нөмірлеріне хабарласу керек, - деп атап өтті азаматтық қорғау аға лейтенанты Әділжан Берікболсынов.

ТЖД мамандарының пікірінше, бір ғана дабыл құрылғысы ұйықтап жатқан адамды оятуға қауқарлы.

Барлық жаңалықтар