00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Төтенше жағдайлар департаменті елордалықтарға ескерту жасады

18.11.2023 | 03:30
47
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті желдің күштілігі туралы елордалықтарға ескерту жасады, деп хабарлады Elorda.info.

Ауа райының нашарлауына, атап айтқанда, екпіні 15-20 оңтүстік-батыс желдің күшеюіне байланысты, кей кездері 23 м/с Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарына жел күшейген кезде ғимараттардан, үй жайлардан шығуды шектеуді сұрайды. 

Балаларды ерекше бақылауға алу және оларды қараусыз қалдырмау маңызды.​ Егер қатты жел сіз көшеде болғанда болса, жерасты өткелдерінде немесе ғимараттардың кіреберістерінде паналауды ұсынамыз. 

Үйлердің қабырғаларының жанында қатты желден жасырынбаңыз, өйткені шифер мен басқа шатыр материалдары шатырлардан құлап кетуі мүмкін.

Дауылды жел кезеңінде, ең алдымен, электр желілері мен жабдықтардың, тұрғын үйлердегі жылыту пештерінің жай-күйін тексеру, ішкі және сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтаудың, телефон байланысының жарамдылығын қамтамасыз ету, өртке қарсы қауіпсіздікті сақтау қажет.​ 

Пәтердегі электр желісінің кернеуі жоғарылаған кезде, барлық тұрмыстық техниканы дереу розеткадан ажыратыңыз, сіз болмаған кезде кенеттен электр қуаты қосулы кезде өрт болмауы үшін розеткадан шығарыңыз. 

Сондай-ақ, жеке көлікті ағаштар мен ескі ғимараттардан алыстатып, үйдегі немесе пәтердегі барлық терезелерді мықтап жабу ұсынылады. 

Құрылыс объектілері халықты және аумақты қолайсыз ауа райының әсерінен қорғау жөнінде қосымша шаралар қабылдасын, - делінген хабарламада. 

Төтенше жағдай туындаған жағдайда «112» телефонына хабарласу қажет.

Барлық жаңалықтар