00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Сығанақ көшесінде жол қозғалысы уақытша өзгереді

22.04.2024 | 11:22
51
Сығанақ көшесінде жол қозғалысы уақытша өзгереді
Фото: Оңалхан Өнерхан

Бұл туралы «City Transportation Systems» ЖШС баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

LRT құрылысын жүргізу жоспарына сәйкес, Сығанақ көшесінде жол қозғалысын ұйымдастыру уақытша өзгертіледі. Астана қаласы Полиция департаментінің келісімі бойынша:

- 24 сәуірден 30 қарашаға дейін Сығанақ көшесінің Ақмешіт көшесінен Түркістан көшесіне дейінгі аралығындағы қозғалыс толық жабылады. Ол жерде «Абу-Даби Плаза» бизнес орталығының ғимаратымен интеграцияланған 112-LRT станциясының құрылысына қатысты жұмыстар жүргізіледі.

Өз кезегінде Ақмешіт көшесі мен Түркістан көшесі бойындағы қозғалыс ашық болады.

Елорда қонақтары мен тұрғындарынан қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз, - делінген хабарламада.

Барлық жаңалықтар