Студенттер бірден үш диплом ала алады
![](/img/watch-gray.png)
![Студенттер бірден үш диплом ала алады](/img/articles/029c707ccfde7074bf68e91740ae2ed1.jpg)
Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті және Шэньчжэньдегі ММУ-ППИ университеті бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеуге ниетті. Оқуды сәтті аяқтаған студенттерге жоғары білім туралы үш диплом берілетін болады, деп хабарлады Elorda.info.
Бұл 3 университет арасындағы ғылыми және білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің арқасында мүмкін болмақ. Құжатқа Мәскеуде өткен «Университеттер және болашақ» халықаралық форумы барысында ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов, ММУ ректоры Виктор Садовничий, Шэньчжэнь қаласындағы ММУ-ППИ ректоры Ли Хэчжан қол қойды.
Тараптар келісім шеңберінде бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеуге, ғылыми ынтымақтастықты дамытуға және бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыруға, оқытудың озық әдістерін дамыту бағытында және жетекші зерттеулер бойынша жарияланымдарды дайындау бойынша өзара тәжірибе алмасуға ниет білдіріп отыр.
Біз қол қойған шарт мамандарды даярлаудың жаңа білім беру жобасын іске асырады және үш диплом беруді қарастырады. Бұл біздің аймағымыз үшін жоғары білікті кадрларды бірлесіп даярлауға деген ортақ ұмтылысымызды тағы да дәлелдей түседі. Біз жоғары оқу орындарымыз үшін ынтымақтастықтың жаңа басымдықтарын қалыптастырумен қатар, жас, мобильді, ашық ұрпақ үшін жаңа мүмкіндіктерді ұсынып отырмыз, - деп атап өтті Ерлан Сыдықов.
Айта кетейік, Шэньчжэньдегі ММУ-ППИ университетін М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, Пекин политехникалық институты және Шэньчжэнь муниципальдық халық үкіметі құрды.
Пекин политехникалық институты (ППИ) 1940 жылы құрылған және Қытайдағы жетекші инженерлік-техникалық университеттердің бірі.
![](/img/articles/9ec0c0429dec0a722fe479d5691fd4b3.jpeg)
![](/img/articles/cd39232f34d27f90526c84ee72d654ed.jpeg)
![](/img/articles/e6a14c9d91c4c69afaf712db62898167.jpg)
![](/img/articles/a26147b7cd1e5639a152e2b5a6a96072.jpg)
![Елордада жас отбасыларға мемлекеттік бағдарламалар бойынша бизнесті құру және енгізу курсы өтіп жатыр](/img/articles/9ec0c0429dec0a722fe479d5691fd4b3.jpeg)
![Орталық саябақта 4 мыңнан астам астаналық Олимпиада ойындарының ашылуын тікелей эфирді тамашалады](/img/articles/cd39232f34d27f90526c84ee72d654ed.jpeg)
![Мәңгілік ел даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысындағы учаске жабылады](/img/articles/e6a14c9d91c4c69afaf712db62898167.jpg)
![CTS автобус жолаушыларына маңызды мәлімдеме жасады](/img/articles/a26147b7cd1e5639a152e2b5a6a96072.jpg)
![Елордалық құтқарушылар Есіл өзенінде рейд өткізді](/img/articles/f40e715f4b4966b9436826c112fe8948.jpeg)
![Астаналықтар Олимпиаданың ашылуын ашық аспан астында тамашалай алады](/img/articles/475b87a51e1d49eac0325fb08e419fc8.jpg)
![Астанада жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті](/img/articles/4dc92b4236dca1508df22f4433afa2c4.jpg)
![Астанада отбасын қолдау орталықтарының жаңа жұмыс тәсілдері талқыланды](/img/articles/10cc3dbfef420bb46838d48facca8688.jpg)
![Елорда прокуратурасы мемлекетке 55 жер телімдерін қайтарды](/img/articles/1abf1cbd5b009de4c8c1a223dd5c6a0f.jpg)
![«Таза Қазақстан»: AMANAT партиясы елорда маңында бейсенбілік өткізді](/img/articles/0198d5d0b3564b6e2f5efe4e13ffccc4.jpg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)